Наурызбай ауданының "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ардагерлерінің түрлі саладағы кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында KazGASA колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. ⠀ Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік жолы мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берді. Олар еңбекке деген құрмет, жауапкершілік, табандылық пен адалдық туралы тағылымды әңгіме қозғады. ⠀ Мұндай кездесулер жас ұрпақ үшін баға жетпес рухани азық. Ардагерлердің шынайы әңгімелері мен өмірлік тәжірибесі студенттерге үлкен серпін беріп, болашаққа нық қадам жасауға жігер сыйлайды.