Ана мен отбасы күніне орай Ашық есік күні өтті. Наурызбай ауданының №27 Қалалық емханасында Ана мен отбасы күнін атап өту аясында әйелдердің денсаулығын қолдауға бағытталған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Бұл күні ауданның 50 ден астам тұрғыны кешенді медициналық тексеруден өтті. Науқастар терапевт, хирург және офтальмолог мамандарынан кеңес алып және ультрадыбыстық тексерулерінен өтіп, қажетті анализдер тапсырды. Сондай-ақ, Репродуктивті денсаулық мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Келушілерге профилактика және тұрақты медициналық тексерудің маңыздылығы туралы ақпараттық дәріс өткізілді. Мұндай іс-шаралар әйелдердің өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және ауданда белсенді алдын алу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасайды.