Медеу ауданында «Энергетиктер алаңы» ашылды
Бүгін Алматы қаласының Медеу ауданында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Аль-Фараби мен Шашкин көшелерінің қиылысында орналасқан «Энергетиктер алаңының» ашылуы өтті. Бұрын бос жатқан бұл жер енді қала тұрғындары үшін заманауи әрі жайлы демалыс орнына айналды.
Жаңартылған аумақтың ауданы 3000 м² құрайды. Ремонт жұмыстары барысында жаяу жүргіншілер жолы төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері, сыртқы жарықтандыруға арналған болат тіректері және екі пергола орнатылды. Аумақты көгалдандыруға ерекше назар аударылды: мұнда 250 бұтақ отырғызылып, жасыл желектерді қолдау үшін автоматты суару жүйесі де орнатылған.
Ашылу салтанатына Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин, Қазақстанның Электрэнергетикалық Ассоциациясы Энергетиктер Кеңесінің төрағасы Советхан Сейтқалиевич Нұрпейсов, «Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Абай Ноғайұлы Асылов және энергетика саласының ардагері Мадияр Ералыұлы Кубегенов қатысты.
Алаңның ашылуына орай 5 қарағай ағашы отырғызылды, бұл энергетиктердің еңбегіне деген құрмет пен олардың күш-қайраты мен төзімділігін бейнелейді. Сондай-ақ, алаңды ерекше атмосфера сыйлайтын инсталляция әшекейледі.
«Алатау Жарық Компаниясының» басқарма төрағасы Абай Асылов өз сөзінде:
«Советхан Сейтқалиевич — энергетика саласында көп жыл еңбек еткен қадірлі ардагерлеріміздің бірі. Айтулы шараға қатысу үшін таңертең ерте уақыт тауып келгені үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Бұл алаңда ендігі көптеген адамдар серуендеп, табиғаттың сұлулығын тамашалап, ардагерлеріміздің еңбегін елеп, мақтаныш сезімін сезінеді деп сенеміз. Әрқайсымыз Қазақстанның дамуына үлес қосып келеміз және болашақта да солай бола береді.
Еркебұлан Нұрланұлы, Сізге ерекше алғысымызды білдіреміз! Сіз бірнеше рет осы жерге келіп, әрбір бастамаға мән беріп, түрлі ұсыныстарды ұсындыңыз, әріптестеріңізбен өз пікіріңізді бөлістіңіз. Бұл ісіңіз шынайы қамқорлық пен кәсіби сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.
Тұрғындар ұзақ жылдар бойы осы жердің тек игілігін көріп, жанға жайлы демалыс алаңы болсын деп тілейміз!»
«Энергетиктер алаңы» – энергетика саласына өмірін арнаған арда азаматтарға деген құрметтің символы. Енді Медеу ауданының тұрғындары үшін жаңа жайлы орын ашылып, кездесулер мен серуендер ерекше есте қалмақ.