Медеу ауданының арулары 8 наурыз мерекесіне орай марапатталды
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Медеу ауданы әкімінің аппараты ауданның түрлі салаларында қызмет етіп, дамуына елеулі үлес қосып жүрген аруларды марапаттады. Іс-шара барысында аудан әкімінің атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтары табысталды.
Салтанатты рәсімді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Асқарұлы өткізіп, нәзік жандыларға жылы лебізін білдірді. Ол әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы және кәсіби қызметтегі ерекше рөлін атап өтіп, олардың еңбегін жоғары бағалады.
— Сіздердің мейірімдеріңіз бен даналықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен жан жылуларыңыз — қоғамның нағыз тірегі. Әрқайсыңыз ауданның дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Сіздерге шынайы алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби жетістіктер мен шабыт тілейміз, — деді Айдос Асқарұлы.
Марапатталған арулар өз кезегінде көрсетілген құрмет пен ыстық ықыласқа ризашылықтарын білдірді. Іс-шара мерекелік көңіл-күй мен жылы лебіздерге толы болып өтті.