Медеу ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтау және әдеп нормаларын ұстануын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық семинар өтті

Медеу ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтау және әдеп нормаларын ұстануын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық семинар өтті

Медеу ауданы әкімі аппаратында мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын сақтау және әдеп нормаларын ұстануын қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық семинар өтті.

Семинарға Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Ахетов Мамай Қаниұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Турдиев Шавкет, сондай-ақ Медеу ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Кантарбаев Диас Мырзабекұлы қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болуына жол бермеу және осындай жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтынудың зияны, көлік құралын масаң күйде басқарудың салдары мен заңды жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Спикерлер бұл мәселелердің мемлекеттік қызметшінің беделіне тигізетін кері әсерін атап өтіп, заң бұзушылықтардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ерекше атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер өз кезегінде тақырып аясында сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.

Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырып, олардың жоғары моральдық-әдептік бейнесін нығайтуға ықпал етеді.