Медеу ауданының аумағында «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы қалай өтті

Медеу ауданының аумағында «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы қалай өтті
23 наурызда Алматыда «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті. Медеу ауданының аумағында Кіші Алматы және Есентай өзендерінің жағалаулары мен арналары бойында, сондай-ақ "Думан"шағын ауданындағы зират маңында сенбіліктер ұйымдастырылды.
 
50-ден астам адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Сенбілік аясында өзен жағалаулары мен арналары тазартылып, аумақ қоқыстардан тазартылды. 50 текше метрден астам қоқыс шығарылды.