Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» автожолында жылдамдығы 40 км/сағ шектелген «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы орнатылған.
Камералар «Медеу» биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан бастап «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 км учаскеде келесі координаттар бойынша орнатылған: 43.136273, 77.073279; 43.141521, 77.067145; 43.150594, 77.062700; 43.144109, 77.061006.
Аталған шаралар жаяу туристер ағынының және көрсетілген маршрут бойынша қозғалысты жүзеге асыратын электромобильдер санының ұлғаюына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан басталады.
Алматыда 2021 жылы «Мемлекеттік жекешелік әріптестік» жобасын іске асыру шеңберінде орнатылған «Сергек» АӨК-нің 7 894 камерасы жұмыс істейді. Жүйеге қызмет көрсетуді және сүйемелдеуді «Коркем Телеком «Сергек-Алматы» ЖШС қамтамасыз етеді.