Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

Медеу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметіндегі басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің талаптары мен тәртібі "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес айқындалады.

Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 20-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес: эпидемиялық мәні жоғары объектілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобалары, тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру тәртібін айқындайды.

"Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "электрондық үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге жоғары эпидемиялық маңызы бар объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін заңды немесе жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағына сәйкес 2-қосымшада көзделген нысан бойынша өтініш, сондай-ақ объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы өтініш және тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір беру осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес портал арқылы жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті берушілер мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартады:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың немесе олардағы деректердің (мәліметтердің) анық көрсетілмеуі және толық ұсынылмауы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

 3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар, сондай-ақ соттың көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылғандығы жайлы заңды күшіне енген шешімінің болуы;

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта өтінім жолдап жүгіне алады.