
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-КК) 137-бабына сәйкес бақылау нысандарының бірі болып табылады, ақпараттық жүйелердегі деректерді, сондай-ақ бақылау мен қадағалаудың нақты субъектісіне (объектісіне) қатысты басқа да мәліметтерді талдау және салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай-ақ профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) ҚР ДСМ 20.08.2021 ж. № 84 "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есептік және есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы".бұйрығына 95-1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс беріледі
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау түрлері:
1) эпидемиялық маңызы болмашы объектілердің қызметінің (пайдалануының) басталуы туралы хабарламалардың мониторингі (Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңының 3 және 8-тарауының нормаларымен регламенттеледі);
2) өндірістік бақылау нәтижелерінің мониторингі (ҚР ДСМ 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 (бұдан әрі-№62 СҚ ) бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен регламенттеледі);
3) тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау саласындағы бақылау (2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508 "Жарнама туралы" Заңының 44 және 45-баптарының нормаларымен регламенттеледі)
Қызметтің басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлаған жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хабарламаларды бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізілімімен салыстыру, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін және тексеру нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Бақылау объектісі қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы/болмауы айқындалады.
"Е-лицензиялау" АЖ арқылы келіп түскен хабарламалар бойынша ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 "Мемлекеттік органдардың хабарламалар нысандарын және хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы" бұйрығының 2-қосымшасында бекітілген нысанға сәйкес ұсынылған мәліметтердің толықтығы талданады.
Объект қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болмауы, сондай-ақ келіп түскен хабарламаларда мәліметтердің толық ұсынылмауы фактісі анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс беріледі.
Бірінші кезеңде № 62 СҚ 2-қосымшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) беретін жүргізілген өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпараттың болуы/болмауы айқындалады.
Өндірістік бақылау нәтижелері туралы алынған ақпаратты талдау № 62 СҚ басшылығымен жүргізіледі, бұзушылық анықталған жағдайда бекітілген нысан бойынша ұсыныс беріледі.
ББҚ-ды бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бекітілген алгоритмге сәйкес Кодексте, Қазақстан Республикасы "Жарнама туралы" Заңында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 27 қазандағы № ҚР ДСМ-160/2020 «Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы және өзге де заңнамада көзделген талаптардың бұзылуын анықтау тұрғысынан қолданыстағы бар ашық көздерден алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.
Профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, бұзушылық болған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бірақ бақылау және қадағалау субъектісіне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды құжаттар (анықтама, қорытынды, ұсынымдар және басқалар) жасалады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды талдау нәтижелері бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу-бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін негіз болып табылады.
Медеу ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы М. Ахмет