Аудан әкімі «Алатау» шағын ауданының тұрғындарымен скейт-паркінің құрылысын талқылады
Жұмыс сапары аясында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Алатау» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында Ибрагимов көшесінде скейт паркін салу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, әкім «Компот» шағын ауданының тұрғындарымен кәріз желілерін салу мәселелері бойынша кездесті.