Қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматы дәстүрлі түрде өзінің туған күнін атап өтеді. Қала бойынша мерекелік іс-шаралар өтеді: концерттер, көрмелер, флешмобтар және фестивальдар.
Абай алаңында қала басшысы Ерболат Досаев алматылықтарға құттықтау сөз сөйледі. Алматы әкімі қаланың еліміздің тарихындағы тарихи рөлін ерекше атап өтіп, оның дамуына қосқан үлесі үшін тұрғындарға алғысын білдірді.
Кейін Ерболат Досаев мегаполистің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан адамдарды: олардың ішінде ғалымдар, дәрігерлер, суретшілер, қоғам қайраткерлерін "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағымен марапаттады.