Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектебінде Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі өтті. Қала басшысы атқарылған жұмыстар мен ауданның дамуы туралы айтып берді.

Инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу – қала әкімдігі үшін басты басымдық. «Каменск үстіртіндегі» жер асты су көзіндегі (3 ұңғыма) су деңгейінің 2,5 есе (150-ден 60 куб метрге дейін) төмендеуіне байланысты Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар желісі бойынша шілде айында қосымша ұңғымалардың құрылысы басталады.

Соның нәтижесінде жыл соңына дейін халыққа су беруді арттыру үшін екі жаңа су көзі (4 ұңғыма), жаңа резервуарлар мен магистральдық су құбырлары салынады.

Бұл келесі жылы «Каменск үстірті», «Көлсай» және «Юбилейный» шағын аудандарын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Каменск үстірті» шағын ауданында 28,9 км тарату желілері салынғаннан кейін орталықтан сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама осы жылдың қараша айында аяқталады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастау көзделген.  

Бұл жобаны іске асыру қосу магистралын салу жоспарланған «Мұзтау» шағын ауданын сумен қамту мәселесін де шешуге көмектеседі.

Биыл III тоқсанында Алматыдағы «Думан» шағын ауданында 5,5 км су құбыры мен 8,5 км кәріз желісі салынады.

 Сәуір айында жалпы ұзындығы 46 км су құбыры және кәріз желісінің құрылысы басталды. «Көлсай», «Кеңсай» шағын аудандарында және Халиуллин көшесіндегі жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарланған. Ал «Компот» шағын ауданында жұмыстар биыл шілдеде басталып, 2024 жылдың шілдесінде аяқталады.

«Алатау», «Атырау» шағын аудандары мен 32 көше бойынша (Шығыс айналма автожолы, Халиуллин, Тайыров, Шақшақ Жәнібек бөлігінде) сумен қамту және кәріз желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге байқау жарияланды. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау желтоқсан айына жоспарланған», - деді әкім.

Соның нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін 55 мың тұрғын сапалы сумен және кәріз желісімен қамтамасыз етіледі.

Сәуір айында жалпы ұзындығы 46 км су құбыры және кәріз желісінің құрылысы басталды. «Көлсай», «Кеңсай» шағын аудандарында және Халиуллин көшесіндегі жұмыстарды аяқтау қазан айына жоспарланған. Ал «Компот» шағын ауданында жұмыстар биыл шілдеде басталып, 2024 жылдың шілдесінде аяқталады.

«Алатау», «Атырау» шағын аудандары мен 32 көше бойынша (Шығыс айналма автожолы, Халиуллин, Тайыров, Шақшақ Жәнібек бөлігінде) сумен қамту және кәріз желілерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге байқау жарияланды. Жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау желтоқсан айына жоспарланған», - деді әкім.

Соның нәтижесінде 2025 жылдың соңына дейін 55 мың тұрғын сапалы сумен және кәріз желісімен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жөндеу бойынша 50 мың шаршы метр жол төсемін жөндеу жоспарлануда.

Қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде Медеу ауданындағы мектеп тапшылығы мәселесін шешу жоспарымен бөлісті.

Маусым айының соңына дейін №48 мектеп реконструкциядан өтіп, 250 орындық қосымша ғимарат құрылысы аяқталады.

Тамыз айында №131 мектепті сейсмикалық күшейте отырып, күрделі жөндеу аяқталады. Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен осы мектептің 300 орындық жаңа корпусын салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттама осы қыркүйекте аяқталады.

№35, 131, 168 мектептерге қосымша құрылыс салуға құжаттама әзірленуде. Сейсмикалық күшейте отырып №33, 99, 161 мектептерді күрделі жөндеуге 3 жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. №29 мектепке қосымша құрылыс салу үшін жер телімін сатып алу жұмыстары жүргізіліп отыр.

Аудандағы коғамдық кеңістіктерді дамыту аясында Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір оны реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Әрі жыл соңына дейін Тереңқұрға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Шілде айында «Самал-1» шағын ауданындағы «Журналистер» скверін реконструкциялау басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Тұрғындардың өтініші бойынша қыркүйек айының соңына қарай «Алатау» шағын ауданындағы Ибрагимов көшесінің бойына сквер салынады.