Аудан әкімі «Кеңсай» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі «Кеңсай» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Кенсай» шағынауданының, «Химия институты» бау-бақша серіктестігінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және ағаштарды санитарлық кесу мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, аудан әкімі сумен жабдықтау және кәріз желілерінің құрылысы басталған Шоқай және Сәрсенбаев көшелеріндегі құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.