«Самал-1» шағын ауданында қаңғыбас мысықтарға арналған алғашқы үй орнатылды

«Самал-1» шағын ауданында қаңғыбас мысықтарға арналған алғашқы үй орнатылды
«Самал-1» шағын ауданында қаңғыбас мысықтарға арналған алғашқы үй орнатылды. Бұл ілулі үйлерде бірнеше жануарлар өмір сүре алады, ал жақын маңдағы үйлердің тұрғындары оларды тамақтандыруға және оларға қамқорлық жасауға міндеттенеді.
 
Тұрғындардың өтініштерінен кейін үйлерді орналастыру туралы бастаманы хайуанаттарды қорғау ұйымы - Animal Security қоғамдық қоры көтерді.
 
Аудан аумағында тағы 9 мысық және 10 ит үйін орнату жоспарлануда. Мұндай үйді орнатуға өтінішті азаматтардың өздері +7(777)666-25-52 нөміріне хабарласып бере алады.
 
Айта кетейік, бұл жоба кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесіп пилоттық режимде іске қосылды.