Медеу ауданында Наурыз мерекесі атап өтілді

Медеу ауданында Наурыз мерекесі атап өтілді
Наурыз мерекесіне орай Медеу ауданы әкімінің аппаратымен Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл күні қала қонақтары мен тұрғындарына бауырсақтар мен наурыз көже ұсынылды. Тілек білдірушілер ұлттық-спорттық жарыстарға қатысты. Сондай-ақ, алаңда қолөнершілердің жұмыстары мен ауылшаруашылық жәрмеңкесі бар. ⠀
 
Жиналған тұрғындар мен қонақтарды Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев құттықтады. Сахнада әртістер мен би ұжымдары өнер көрсетті.