Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің жұмыс сапары өтті

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің жұмыс сапары өтті
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин 02.03.2023 жылы қала әкімімен кездесуінде келіп түскен тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс сапарға шықты.
Кездесу барысында аудан әкімі Пушкин көшесі, 41 мекен-жайында тұратын тұрғындармен кездесті. Бірқатар мәселелер талқыланды, соның ішінде жертөле бөлмелері.
Сондай-ақ, аудан басшысы Уәлиханов-Тоқмақская көшелерінің қиылысында тұратын тұрғындарды аралады. Тұрғындар №52 мектептің жанында орналасқан коммерциялық павильондарға шағымданды.
Сонымен қатар, аудан әкімі «Три богатыря» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесіп, олармен бірге тұрғын үй кешенінің қасбеттерін жаңарту жобасы талқыланды.