Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс сапары өтті

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс сапары өтті

Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалиннің тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс сапары өтті. Аудан басшысы Халиуллин көшесінде тұратын тұрғындарға барды. Онда стихиялық тұраққа шағым түсті. Әкімшілік полиция басқармасымен және Қалалық мобилділік басқармасымен бірлесіп жол белгілерін орнату және таңбалау сызықтарын салу мәселесі қаралатын болады.

Сондай-ақ, аудан әкімі «Меркур Град» тұрғын үй кешенінің тұрғындарына барды. Кездесу барысында бірнеше мәселе көтерілді. Олардың ішінде жұмыс істемейтін көше жарығы, қоқыс шығару, үйлердің қасбеттерінің жағдайы, кәріз люктерін тазалау.

«Думан» ықшам ауданында тұратын тұрғындармен Қызылжар және Тәуелсіздікке 10 жыл көшелерінде сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау, сондай-ақ, жол мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, аудан әкімі Луганский көшесінің жағдайын зерттеді. Тұрғындардан автотұрақ ұйымдастыру туралы шағым түскен.

Сонымен қатар, аудан әкімі СТ «Мебельщик» тұрғындарына барды. Кездесу барысында қоғамдық көліктің өтуі үшін жолды кеңейту туралы өтініш келіп түсті. Сондай-ақ, тұрғындармен иттерді серуендету ережелері бойынша тақтайшаларды орналастыру мәселесі талқыланды.