Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Медеу ауданында өтті. Қала басшысы ауданның дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыс туралы айтып берді. Кездесуге 350-ден астам адам келді.

Ауданда инженерлік және көлік инфрақұрылымын модернизациялау мәселесі өзекті болып қала береді. Өткен жылы 5,4 км сумен жабдықтау және кәріз желілері салынды және қайта жаңартылды. 2023 жылы тағы 64,7 км салу жоспарланған, нәтижесінде алты шағынауданның 19 мыңнан астам тұрғыны қажетті коммуникацияларға қол жеткізе алады. Бұдан басқа, Думан ш/а-да 14 км су құбыры және кәріз желілерін салуға ЖСҚ әзірленуде.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін Тасты үстірт, Көлсай, Мұзтау және Оңтүстік шағынаудандарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 4 жаңа су көздерін салу және «Балқаш» резервуарлары мен сорғы станциясын толық реконструкциялау жоспарлануда.

Жол инфрақұрылымы және қауіпсіздік мәселелері бойынша. Өткен жылы 27 шақырымнан астам жол жөнделіп, 18 шақырымнан астам тротуар жасалды. 2023 жылы 37 көшеде тағы 32 шақырым жолды жөндеу, ағымдағы жөндеумен 50 мың шаршы метрді қамту жоспарлануда. Жылжымалы құрамды жаңарту үшін ағымдағы жылы 8 бағытта 126 автобус қарастырылған.

Алматы әкімі ауданның қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы мәселеге тоқталды. Тәжірибе көрсеткендей, аудандағы қылмыстардың 80%-ы бейнебақылау камералары арқылы ашылады. Ағымдағы жылы Алматыда 6000-нан астам камера орнату жоспарланған, оның 755-і Медеу ауданында болады. Қазіргі уақытта оларды орнату үшін көшелер тізімі дайындалуда.

Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін биыл №48 мектептің жанынан 250 орындық қосалқы нысанды қайта жаңарту және №131 мектепті сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу аяқталады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Шығыс қақпасы» жаңа полиция орталығының аумағында 2000 орындық жаңа мектеп салынады.