Медеу ауданының әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті

Медеу ауданының әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті

Медеу ауданының әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті. Аудан әкімі Еркебұлан Оразалин тұрғындардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады. Кездесу барысында Луганский көшесінде тұрақ ұйымдастыру туралы шағым түсті. Әкім мәселе орынға шығып, зерттелетінін атап өтті.

Сондай-ақ, қабылдау барысында «Меркур Град» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жүгінді. Олар бірнеше мәселелерді көтерді. Олардың ішінде жұмыс істемейтін көшелерді жарықтандыру, қоқыс шығару, ағаштарды санитарлық кесу және жолдарды жөндеу. Барлық мәселелер жұмыс тәртібімен шешілетін болады.