Медеу ауданында 3 медициналық мекеме өз жұмысын бастады

Медеу ауданында 3 медициналық мекеме өз жұмысын бастады
Медеу ауданында 3 медициналық мекеме өз жұмысын бастады.
«Кеңсай» ш/а ауысымына 60 адамға арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қызмет көрсетілетін халықтың жоспарланған жалпы саны - 11 мың адам. Амбулаторияда жалпы практика дәрігері, гинеколог, емдеу кабинеті, егу кабинеті, дәрігерге дейінгі тексеру бөлмесі, талдау алу кабинеті және т.б. мамандардың қызметтері бар.
Сондай-ақ, «Көлсай» және «Сұлусай» шағын аудандарында фельдшерлік-амбулаториялық пункттер өз жұмыстарын қайта бастады.
Айта кету керек, бұған дейін аталған елді мекендердің тұрғындары өздерінің шағын аудандарынан 10 км-ден астам қашықтықта орналасқан емханаларға баруға мәжбүр болған. Осы жобаларды іске асыру үш шалғай шағын ауданның 15 мыңнан астам тұрғынына қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етті.
Медициналық мекемелердің мекен-жайлары мен телефондары:
- «Кеңсай» ш/а, Шоқай көшесі, 224; +7 (707) 177-72-05
- «Көлсай» ш/а, Қойгелді батыр көшесі, 103; +7 (775) 173-94-43
- «Сұлусай» ш/а, Инкардария көшесі, 10; +7 (747) 814-84-82