Бүгін Медеу ауданының көпбалалы аналарымен тұрақты кездесу өтті

Бүгін Медеу ауданының көпбалалы аналарымен тұрақты кездесу өтті
Бүгін №19 мектепте Медеу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаевтың қатысуымен көпбалалы аналармен тұрақты кездесу өтті.
Жиында аналар тарапынан жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекке тұру, мүгедектігі бар балаларды шипажайда оңалту, емханаға тіркелу мәселелері көтерілді.
Барлық мәселелер бойынша түсініктемелер берілді, кейбір мәселелер жеке қаралатын болады.
Сондай-ақ, шара барысында көпбалалы аналарға «Жеке тұлға банкроттығы туралы» Заңды іске асыру тәртібі және аз қамтылған отбасыларға тұрғын үйге алуға жылдық 2%-дан жоғары мөлшерлемемен ипотека алуына мүмкіндік беретін «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша толық ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.