Медеу ауданы әкімінің жұмыс сапары өтті

Медеу ауданы әкімінің жұмыс сапары өтті
Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин қазандықтардың жұмысымен танысты. Аудан басшысы «Меркур Град» және «Прогресс» тұрғын үй кешендерінде болып, қазандықтардың жағдайы мен сорғы станцияларына қызмет көрсету жүйесі зерттелді, элеватор торабының жұмысы тексерілді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Абдуллиндер көшесі, 27а мекен-жайындағы сорғы станциясына барды. Аралау шеңберінде сорғы станциясының ағымдағы жай-күйі, халыққа қызмет көрсету жөніндегі жұмыс зерттелді.
Жұмыс сапары барысында Медеу ауданының әкімі екі нысанның құрылысымен танысты: Жамақаев көшесі, 2 мекен-жайындағы жаңа бизнес-орталық және Керей-Жәнібек Хандар көшесіндегі туристерге қызмет көрсету орталығы.