Медеу ауданының 28 округінің тұрғындарымен әлеуметтік мәселелер бойынша көшпелі кездесу өтті

Медеу ауданының 28 округінің тұрғындарымен әлеуметтік мәселелер бойынша көшпелі кездесу өтті
28 округтің тұрғындарымен әлеуметтік мәселелер бойынша көшпелі кездесу өтті.
Кездесуге Медеу ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев, Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің маманы Динара Қуанқанова, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ, қалалық және аудандық әлеуметтік қорғау жүйесінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың барлық келіп түскен өтініштері тыңдалып, қаралды.
Айта кетейік, осындай кездесулерді ауданның барлық округтерінде өткізу жоспарлануда.