Аудан әкімі өндірістік кәсіпорындарына барды

Аудан әкімі өндірістік кәсіпорындарына барды
Жұмыс сапары барысында Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин «Полиграфкомбинат» ЖШС және «Дәуір» ЖШС өндірістік кәсіпорындарының жұмысымен танысты.
«Полиграфкомбинат» ЖШС «Атамұра» корпорациясының мектеп оқулықтарын және полиграфиялық өнімдерін шығарады. Аудан әкімі кәсіпорынның өндірістік базасын аралап, оқу материалдарын дайындау барысын көрді. Кәсіпорын директоры Ыдырыс Бегалиев атап өткендей, олар басып шығару үшін Еуропалық материалдарды пайдаланады: қағаз бен түптеу материалын Финляндиядан, бояуларды Германиядан әкеледі. Кітаптар байланыстырудың үш түрінде жасалады: қатты, жұмсақ және интегралды.
Келесі барған нысан республикалық және қалалық газеттерді шығарумен айналысатын «Дәуір» ЖШС кәсіпорны болды. Мұнда айына 30-дан астам газет шығарылады. «Егемен Қазақстан» республикалық басылымының таралымы 6 мың дананы, «Айқын» газетінің таралымы - 2 мыңды құрайды. Кездесу барысында кәсіпорын басшылығы газет өндірісінің төмендегені туралы ақпаратпен бөлісті. Алынған мәліметтер бойынша, шамамен соңғы жылдары ол 15-20%-ға азайды.