Аудан әкімі салынып жатқан тұрғын үй кешендерін аралады

Аудан әкімі салынып жатқан тұрғын үй кешендерін аралады

Аудан басшысы Еркебұлан Оразалин Медеу ауданы аумағындағы тұрғын үй кешендерінің құрылысымен танысты. Аудан әкімі салынып жатқан «Ұш қоңыр», «River Park», «Центральный», «Exclusive Star», «Geneva elite apartments» тұрғын үй кешендерін және басқа да нысандарды аралады.

Аралау барысында құрылыс салушылар аудан әкіміне тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысы туралы, проблемалық жағдайлар туралы, сондай-ақ құрылыс кестесінен қалып қою себептерін түсіндірді. Аралау қорытындысы бойынша құрылыс компанияларының өкілдеріне ұсыныстар берілді.

Медеу ауданында барлығы 23 нысан салынып жатыр, оның 8 - тұрғын үй кешендері.