Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин күрделі жөндеуден кейін ашылған №114-ші және №116-шы балабақшаларға барды. Солардың бірінде №116-шы балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Медеу ауданының басшысы жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, балабақша басшылығына символикалық кілтін табыс етті.
№ 116-шы балабақша Самал-2 ықшам ауданында, 38 үйде орналасқан. Ғимарат 1987 жылы салынған. Жобалық қуаты қолданыстағы ғимаратқа жапсаржай салу есебінен 45 орынға ұлғайтылды. Ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілер тартылды. Сондай-ақ, ғимараттың айналасы абаттандырылды: қоршаулар, әткеншектер, балаларға арналған қалқалар орнатылды.
№ 114-ші балабақша Самал-2 ықшам ауданданда, 83 үйде орналасқан және 1987 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұған дейін әлеуметтік нысан 95 орынға есептелген болатын. Күрделі жөндеуден кейін жобалық қуаты қолданыстағы ғимаратқа жапсарлас құрылыс есебінен 45 орынға ұлғайтылды. Нысанда ішкі және сыртқы жұмыстар жүргізілді. Сыртқы инженерлік желілер тартылды, электр, сумен жабдықтау, жылыту және кәріз жүргізілді. Жиһаз толығымен орнатылып, ауыстырылды. Қажетті жабдықтар қосылды. Ғимарат аумағында балаларға арналған қоршаулар, әткеншектер мен қалқалар орнатылған. Ойын алаңдары резеңкемен жабылған.