Хабарландыру

Хабарландыру

               

                 «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

 

Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»

 

БЖЗҚ 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін өткізеді

 

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері үздіксіз инвестицияланады және салымшыға жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде ғана 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі таза инвестициялық табыс есебінен зейнетақы жинақтарының өсімі 1,4 трлн теңгеге жетті. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%.

Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.  

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Ұлттық банкпен қатар 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алатынын айта кетейік. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алған соң ИПБ да оларды рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз.

Зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келе ме? 28 маусымда 10.00 мен 15.00 аралығында үш сессияда өтетін іс-шарамызға қосылыңыз.

 Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы төмендегі сілтемелерімен өту керек Сонан соң event-жиналыс нөмірі мен event-жиналыс паролі  енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

Күні мен уақыты: 28 маусым 2022 ж. 

10.00 -11.00 орыс тілінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec405a26565a18cfcd9d6017e4df81156

Еvent-кездесу нөмірі: 2513 425 8282

Еvent-кездесу құпиясөзі: KM2810vx

 

Күні мен уақыты: 28 маусым 2022 ж.

12.00 -13.00 мемлекеттік тілде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e8de4c9e500922b953834f76d1c851441

Еvent-кездесу нөмірі: 2519 276 7500

Еvent-кездесу құпиясөзі: KM2812vx

 

Күні мен уақыты: 28 маусым 2022 ж.

14.00 -15.00 орыс тілінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5cf2b0ba47ebe45e760065bc32526042 Еvent-кездесу нөмірі: 2515 232 8139

Еvent-кездесу құпиясөзі: KM2814vx

 

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және Ашық есік күніне қатысқысы келетіндердің барлығын күтеді! 

 

 

 

Байланыс жасайтын тұлға  - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 778 888 7366