Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен алтыншы кездесуі Медеу ауданында өтті. Іс-шараға 300-ден астам қала тұрғындары қатысты.

Алматы әкімінің ақпараты бойынша, Медеу ауданы қаламыздың ең ірі іскерлік, мәдени және туристік орталығы болып табылады, мегаполистің салық және сауда айналымының төрттен бірін қамтамасыз етеді.

Халықпен кездесу барысында Алматы әкімі ауданның негізгі проблемалық мәселелерін, оның ішінде инфрақұрылымдық проблемаларды, сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз етуді, электр желілерін қайта құруды, медициналық қызметтермен қадамдық қолжетімділікте қамтуды, мектептердегі оқушы орындарының тапшылығын, балабақшалардағы орындардың жетіспеушілігін, интернет желісіне және ұялы байланысқа тұрақты қолжетімділіктің болмауын атап өтті.

Бүгінде ауданда, әсіресе Көлсай, Сұлусай, Аққайың шағын аудандарында сумен жабдықтау мәселелері өткір тұр. Ерболат Досаев аталған шағын аудандарды су көзімен қамтамасыз ету үшін «Балқаш» су жинау станциясына дейін қосатын магистральдық желі жобасының әзірленіп жатқанын хабарлады. Жобалық құжаттама ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталады.

Кеңсай шағын ауданындағы  М.Шоқай және Сәрсенбаев көшелерінде сумен жабдықтау және су бұрудың магистральді желілерін салу бойынша жоба әзірленді. Құрылыс 2023 жылға жоспарланған. 

Жыл соңына дейін Кеңсай және Каменское плато қырат шағын аудандарында 11 трансформаторлық қосалқы станция мен 35 км электр желісін қайта құру жоспарлануда. Нәтижесінде электрмен қамтамасыз ету 60%-дан 85%-ға дейін артады.

Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында Думан шағын ауданында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа заманауи емхана салу жоспарлануда. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін жер учаскесі анықталды, қаражат бөлінді, құрылыстың басталуы 2023 жылға жоспарланған.

Әкімнің мәліметінше, Медеу ауданынындағы мектептер мен балабақшаларындағы оқушы орындарының тапшылығы тиісінше 4,5 мыңды құрайды. Ағымдағы жылы ауданда екі мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. №48 мектепті модернизациялауды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобалық қуаты 600 орынды №4 мектеп ғимаратына қосалқы құрылыс салу мәселесі пысықталуда.

Жыл басынан бері қуаты 135 орынды үш балабақшада күрделі жөндеу аяқталды, жеке инвесторлар есебінен 357 орынды 7 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 200 орынды тағы 5 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда.

Жыл басынан бастап қуаттылығы 135 орындық үш балабақшада күрделі жөндеу аяқталды, жеке инвесторлар есебінен 357 орындық 7 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін 200 орындық тағы 5 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарлануда.

Мегаполистің телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту аясында биыл  Таулы қырат, Көк-Төбе-1, Көк-Төбе-2, Компот, Кіші Станица, Шуақты шағын аудандарында жоғары жылдамдықты интернетке қосу жұмыстары жоспарланған.

«Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында Медеу ауданына 800 млн теңге бөлінді. Тұрғындардан келіп түскен 110 өтінімнің ішінен 20 жоба іріктеліп алынды, олардың ішіндегі ең ірісі – Тіксай өзенінің жағалауын абаттандыру жөніндегі 3 жоба.

Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтерді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес жыл соңына дейін Ерболат Досаев халықпен 24 кездесу өткізеді – тоқсан сайын 8 ауданның тұрғындарымен бір-бір кездесу.

Еске салсақ, Алматы әкімінің халықпен алғашқы кездесуі Бостандық ауданында 14 сәуірде, екіншісі – Алатау ауданының тұрғындарымен 28 сәуірде, үшіншісі – Әуезов ауданында 12 мамырда, төртіншісі – Наурызбай ауданында 19 мамырда, бесіншісі – Жетісу ауданында 26 мамырда өтті.