Кеңсай шағын аудан тұрғындарымен тұрақты кездесу

Кеңсай шағын аудан тұрғындарымен тұрақты кездесу

Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуінің жаңа форматы аясында кеше жоспарға сәйкес «Кеңсай» шағын ауданы тұрғындарымен кездестік.

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері және қалалық басқарма өкілдерімен бірлесіп өтті.

Жергілікті тұрғындардың қатысуымен шағын ауданда атқарылып жатқан жұмыстар мен ең өткір және басым мәселелерді талқыладық. Су және кәріз жүйесі, электр жүйесі, жол жөндеу, арық желісін салу, балалар алаңын салу сынды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Алдағы уақытта тұрғындармен тұрақты байланыс орната отырып, барлық сұрақтар мен көтерілген өзекті мәселелер жоспарлы түрде шешімін табатын болады.

Барлық сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер берілді. Бірқатар сұрақтар іс-шаралар жоспарына енгізіліп, дереу орындауға қабылданды.

Тұрақты кездесулер алдағы уақытта жоспарға сәйкес, өз жалғасын табатын болады.