Құрметті аудан тұрғындары!
«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Ұлттық конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратына (Пушкин көшесі, 72) немесе ауданның «Бақытты отбасы» орталығына (Нұрмағанбетов көшесі, 412 ) мекен-жайларына тапсыруға болады.
Байланыс телефоны: 291-61-81
Whatsapp: +7701 723 37 99