«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады!

Тақырыбы: «Цифрлы БЖЗҚ: барлығы салымшыларға ыңғайлы болу үшін».

БЖЗҚ 2021 жылдың 10 желтоқсанында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараның мақсаты - Қордың зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру және дамыту, тікелей, электрондық және қашықтан қызмет көрсету форматтарын дамыту арқылы қатысушылардың зейнетақы қызметтеріне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызмет көрсету арналарын кеңейту.

Кездесу барысында Қор мамандары зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпараттық-кеңес беру қызметтері кешенін алу мүмкіндігі жөнінде, зейнетақы калькуляторының жұмысы, БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері, сондай-ақ Қор кеңселеріне бару кезінде Қазақстан Республикасы азаматының:

  • жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
  • қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
  • зейнетақы жинағының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) мақсатында жеке куәлігінің цифрлық (электрондық) нұсқасын пайдалану мүмкіндігі жөнінде әңгімелеп беретін болады.

Ашық есік күні зейнетақы қызметтері туралы ақпарат алғысы келетін Қор салымшыларының барлық санаттары үшін өткізіледі. БЖЗҚ мамандары іс-шараға қатысушыларға қызметтерді алудың әр түрлі тәсілдері туралы, сондай-ақ егер Сіз БЖЗҚ кеңсесіне келіп тұрып, бірақ үйде жеке куәлігіңізді ұмытып кеткен жағдайда, не істеу керектігіңіз жөнінде айтып береді.

Сондай-ақ кездесу барысында БЖЗҚ мамандары салымшыларды қызықтырған басқа да сұрақтар бойынша жеке кеңестер де береді.        

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 10 желтоқсанда 11.00 мен 15.00 аралығында үш сессияда онлайн форматта  өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелуден өту қажет. Әр қатысушыға төменде берілген сілтеме арқылы өтіп, event-мәжіліс нөмірі мен құпиясөзін енгізуі қажет.

 

Күні мен уақыты: 10 желтоқсан 2021 ж. 

10.00 -11.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e0f4f15dbc4f82f45de618c0032af6327

Еvent-кездесу нөмірі: 2510 364 0183

Еvent-кездесу құпиясөзі: 10xw2021

 

Күні мен уақыты: 10 желтоқсан 2021 ж. 

12.00 -13.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e54059d7c1159f062897d09185617ef74 Еvent-кездесу нөмірі: 2514 112 8937

Еvent-кездесу құпиясөзі: 12xw2021

 

Күні мен уақыты: 10 желтоқсан 2021 ж. 

14.00 -15.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e77edf97c1dc97cd290d871b29fa2d8ad Еvent-кездесу нөмірі: 2515 056 6985

Еvent-кездесу құпиясөзі: 14xw2021

 

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!  

 

Байланыс жасайтын тұлға  - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 788 888 7366