БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырыбы: « Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді »

БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады    Тақырыбы: « Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді »

 

 

 

Хабарландыру

 

                   БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады 

 

Тақырыбы: « Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді »

 

                2021 жылдың 24 қыркүйегінде БЖЗҚ АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді

 

Қазіргі уақытта барлық зейнетақы жүйесін дамытудың маңызды міндеттерінің бірі зейнетақыны жоспарлау болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазір 25 жасқа толмаған жастар өздерінің қарттық шағы туралы сирек ойланады. Алайда уақыт өте тез өтеді. Сондықтан болашақта өз келешегіңіз үшін салған инвестицияның пайдасын көру үшін зейнетақыңызды жастайыңыздан жоспарлау қажет.

Биылғы жылы Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің жиырма үшінші туған күнін атап өтуде. Осы уақыт ішінде еліміздің жаңа азаматтарының тұтас ұрпағы дүниеге келіп, өсіп-өнуде. Олардың әрқайсысы жақын арада зейнетақы жүйесінің қатысушысы болуға дайындалуда немесе қазірдің өзінде қатысушысы болып үлгерген. Жастар енді ортақ төлемдерді алмайтын болады. Десек те, олардың болашақта ата-аналарына немесе ата-әжелеріне қарағанда лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.

Қазіргі жастар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің толық цикліне қатыса алады. Ол – 40 жыл және одан жоғары уақыт. Бүгінгі студенттер, ертеңгі жас мамандар үшін тұрақты жарналар аударумен қатар жұмыс берушімен жасалатын еңбек шарты және ресми жалақы өздерінің болашақта табысқа жетулерінің кепілі екенін білу маңызды.

Іс-шара барысында оған қатысушылар «зейнетақы калькуляторының» көмегімен, жеке мысал арқылы келешек қарттыққа бүгінгі күннің өзінде қалай әсер етуге болатынына көз жеткізе алады.

Жастардың үйден шықпай-ақ, іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға жауап алуға мүмкіндіктері болады.

Колледж, жоғары оқу орындарының студенттерін және жастарды біздің іс-шарамызға шақырамыз! Ешкім де жалықпайтын болады!

          Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 2021 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11.00 мен 16.00 аралығында үш сессияда өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелуден өту қажет. Әр қатысушыға төменде берілген сілтеме арқылы өтіп, event-мәжіліс нөмірі мен құпиясөзін енгізуі қажет.

 

 

 

 

 

Күні мен уақыты: 24 қыркүйегінде 2021 ж.

    11.00 -12.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы: https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e687e61e557dd06c656707c3087683a95

Еvent-кездесу нөмірі: 2513 284 8821

Еvent-кездесу құпиясөзі: 11240921

 

Күні мен уақыты: 24 қыркүйегінде 2021 ж.

14.00 -15.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ede7ad0f61ab1202db9b3380d573c17e8

Еvent-кездесу нөмірі: 2518 960 4198

Еvent-кездесу құпиясөзі: 1424092021

 

Күні мен уақыты: 24 қыркүйегінде 2021 ж.

15.00 -16.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  

https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e829844806680c14da5455f5e1c47eb20

Еvent-кездесу нөмірі: 2516 856 3895

Еvent-кездесу құпиясөзі: 1524092021

 

 

 «БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» асыға күтеді! 

 

 

 

 

Байланыс жасайтын тұлға  - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 788 888 7366