«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу бойынша хабарландыру

 

ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкімін орындау үшін Алматы қаласының аудандарында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1 кезеңі өтеді.

 

Байқаудың мақсаты – отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және кеңінен дәріптеу, қазақстандық отбасының жағымды имиджін дәріптеу болып табылады.

 

Конкурсқа қатысуға мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік салада, ғылымда жоғары жетістіктерге жеткен отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға өтініш аудандық комиссияға мынадай құжаттармен бірге беріледі:

  • ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  • асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
  • неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  • балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  • балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
  • ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
  • отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік саладағы, ғылымдағы жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

 

Байқауға қатысу үшін құжаттарды 2021 жылдың 15 мамырынан 15 маусымға дейін Медеу ауданы әкімі аппататына келесі мекен-жай бойынша тапсыруға болады: Пушкин көш. 72, каб.307. Байланыс телефоны: 291-61-81, электрондық пошта 291-61-81@mail.ru