Алматыда арықтарды тазалау жұмыстары күшейтілді

Алматыда арықтарды тазалау жұмыстары күшейтілді

 

Алматы қаласында жауын-шашынның алдын-ала болжанған мөлшеріне байланысты жаңбыр суының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық мердігер ұйымдар суару арықтарын тазарту жұмыстарын күшейтті.

63 бірлік арнайы техника мен 218 жұмысшы жұмылдырылды. Соңғы үш күнде 3121 м3 қоқыс пен лай шығарылды.

Жұмыс аудан әкімдіктерінің бақылауында.

Айта кетсек, аудандық әкімдіктер 1100 шақырымнан астам суармалы арықтарды күтіп ұстайды