Бүгін ӨКҚ брифингінде қалалық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зульфия Байсакова көпбалалы аналарға қолдау көрсету шаралары туралы айтып берді.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қаласының әр ауданында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін«Бақытты отбасы» орталықтары ашылған болатын. Бүгінгі күні қалада 9 орталық жұмыс істеуде. Орталықтың мақсаты: Алматы қаласында тұратын әлеуметтік жағдайы осал отбасылардың өмір сүру сапасын, экономикалық жағдайларын жақсартуға, күрделі жағдайларды жеңуге көмектесу.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында «Бақытты Отбасы» қалалық орталығы жұмысты одан әрі жандандыру үшін «Дағдарыс орталықтарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігімен келісім жасалды. Ағымдағы жылдың 7 ақпанынан бастап аудандық Орталықтардың қызметін жүзеге асыру үшін «AQ-ALEM - Аналардың құқығын қорғау» ҚҚ-мен (Алатау ауданы), «Білім беру технологиялары мен бастамалары қоры» ҚҚ-мен (Алмалы ауданы), «Асыл Жүрек білімді, денсаулық сақтауды, мәдениет және спортты қолдау орталығы» ҚҚ-мен (Әуезов ауданы), «Кеңес» МҚБ-мен (Бостандық ауданы), «Зиялылар» ҚҚ-мен (Жетісу ауданы), «ISKER қолдау Орталығы» ҚҚ-мен (Медеу ауданы), «Қазақ-герман бағдарламасы түлектерінің қауымдастығы» ҚБ-мен (Наурызбай ауданы) және «Түрксіб аудандық көпбалалы отбасылар одағы» ҚБ-мен (Түрксіб ауданы) келісім-шарттар жасалды.
Бұл орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар келесі мамандардың кеңестерін тегін алады:
- тұрғын үй қатынастары, АӘК тіркеу, құжаттарды қалпына келтіру, алименттер және т.б. сұрақтары бойынша заңгерлердің;
- балаларды тәрбиелеу, тренингтер өткізу, қиын өмірлік жағдайдан шығу, отбасы ішіндегі жанжалдарды шешу және т.б мәселелер бойынша психологтардың;
- отбасының қажеттіліктерін анықтау, жеке жұмыс жоспарын құру және т.б. бойынша әлеуметтік қызметкерлердің.
- 2 айдан бастап 5 жасқа дейін балаларды қабылдайтын және балалардың денсаулығына байланысты жиі кездесетін мәселелер бойынша профилактикалық әңгімелер (диарея, безгек, құлақ,және т.б) жоғары санатты педиатрдың кеңесіне жүгіне алады.
Сонымен қатар, «Бақытты отбасы» орталықтарында: (ағылшын тілін үйрену, визаж, массаж, шаштараз, киім пішу және тігу, гимнастика, аспаздық, тоқыма, тігін сөмкелері, компьютерлік біліктілік және т.б) курстар, түрлі бағыттар бойынша балаларға арналған үйірмелер (арт-терапия, гимнастика, математика және логика, шахмат, ағылшын, тоқу, логопед қызметі) курстары тегін өткізіледі.
"Бақытты отбасы" орталықтарында 33 мыңнан астам адам - тіркелген, 54 мың адамға - ақпараттық-кеңестік көмек және ресурстық қолдау көрсетілді, 29 мың адамға - әдістемелік және заңгерлік көмек, 4 мың адамға - салауатты өмір салты бөлмесінің қызметі ұсынылды, 29 мың адам - «Бақытты отбасы» орталығының базалық тренингтерінен, ал 20 мыңнан астам адам оқу курстарынан өтті.
Сондай-ақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар заңгердің, психологтың, үйлестірушілердің және HR-менеджерлердің консультацияларын онлайн немесе телефон арқылы ала алады. Шеберлік сыныптар, аналар мен балаларға арналған оқу курстары WhatsApp мессенджерлерінде және Instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфир арқылы онлайн өтеді.