«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Хабарландыру

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ
қалай алуға болады?»
2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді
Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90%
астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез
келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған
салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке
кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке
зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа
1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін
тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу
мәртебесін қадағалау және т. б.
Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес,
зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден
шықпай-ақ жауап алу мүмкіндігі болады.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 2021 жылдың 17-і наурызында сағат 10.00
мен 17.00 аралығында төрт сессияда өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға төменде берілген сілтеме
арқылы өтіп, event- мәжіліс нөмірі мен құпиясөзін енгізуі қажет.

Күні мен уақыты: 17 наурызда 2021 ж. 
10.00 -11.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=edc833430ad3d0c96c40ee745201d55c6 
Еvent-кездесу нөмірі: 184 545 7217
Еvent-кездесу құпиясөзі: qazwsx10

Күні мен уақыты: 17 наурызда 2021 ж. 
12.00 -13.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e03dff5a442c6219792f12c92f6cde03e 
Еvent-кездесу нөмірі: 184 746 5524
Еvent-кездесу құпиясөзі: qazwsx12

Күні мен уақыты: 17 наурызда 2021 ж. 
14.00 -15.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ef69deec0d266e3ab3a8db7914ca8b9ca
Еvent-кездесу нөмірі: 184 531 1262
Еvent-кездесу құпиясөзі: qazwsx14

Күні мен уақыты: 17 наурызда 2021 ж. 
16.00 -17.00 мемлекеттік/ орыс тілдерінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e0af963485a5b07879deabe8109d09bfa  
Еvent-кездесу нөмірі: 184 802 7267
Еvent-кездесу құпиясөзі: qazwsx16

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға
ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!

Байланыс жасайтын тұлға - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 708 106 7192