Алматыда сайлау күні 74 сәби өмірге келді

Алматыда сайлау күні 74 сәби өмірге келді
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарындағы сайлау күні Алматы қаласының сайлау учаскелерінде 8 Жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етті. Сонымен қатар, 507 ашық учаскелерде дауыс беруге 2 535 медицина қызметкері тартылды: 1 014 дәрігер (учаске ішінде 2 адамнан), 1 521 медбике (кіреберісте 3 адамнан).
 
Кезекшілік кезінде сағат 07:00-ден 20: 00-ге дейін сайлау учаскелерінен түрлі медициналық көрсеткіштер бойынша медицина қызметкерлеріне 13 адам жүгінді. Атап айтқанда, қан қысымына, жүрек ырғағының бұзылуына, ЖРВИ белгілеріне және басқа да аурулар туралы шағымдар болды. Медицина қызметкерлеріне жүгінгендердің жартысынан көбі сол жерде медициналық көмек алып, ауруханаға жатқызудан бас тартты. 
 
Медициналық сипаттағы көрсеткіштер бойынша жедел медициналық жәрдем қызметімен ауруханаға: ЖМКА  – 1 адам, АККА – 1 адам, ОҚКА-2 адам, Алматы қ. БЖМКО-1 адам жатқызылды.
 
Алматы қаласының перзентханаларында бір тәулік ішінде 10.01.2021 жылғы сағат 00.00-ден 11.01.2021 жылғы сағат 00.00-ге дейін сайлау күні 74 бала дүниеге келді, оның ішінде 41 ұл, 33 қыз бала бар.