Сайлаудың Алматы қаласы бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды

Сайлаудың Алматы қаласы бойынша Exit poll нәтижесі жарияланды
2021 жылы 10 қаңтарда өткен ҚР Парламент Мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихаты сайлауында «Астана – кешенді әлеуметтік талдаулар институты» КӘТИ «СОЦИС-А» жеке қоры дауыс беру учаскелерінен шыққан сайлаушылардан Exit poll – сауалнама жүргізді.
 
Нәтижесін «Астана – кешенді әлеуметтік талдаулар институты» КӘТИ «СОЦИС-А» жеке қорының атқарушы директоры Игорь Кузнецов пен саясаттанушы Эдуард Полетаев жариялады. 
 
Сауалнама әкімшілік ғимараттан тыс жерде жеке сұхбаттасу әдісімен жүзеге асырылды.
 
Алынған мәліметтердің репрезентативтілігін арттыру мақсатында мониторинг қаланың барлық 8 әкімшілік ауданында жүргізілді.
 
11 қаңтардағы түнгі сағат 00.30-дағы жағдай бойынша Алматыда дауыс берген 126 232 сайлаушыдан сауалнама алынды.
 
Нәтижесі төмендегідей:
«ҚХП» үшін 13,3% сайлаушы дауыс берді.
«Nur Otan» үшін 58,90% сайлаушы дауыс берді.
«Ауыл» үшін 9,2% сайлаушы дауыс берді.
«Ақ Жол» үшін 13,7% сайлаушы дауыс берді.
«ADAL» үшін 4,9% сайлаушы дауыс берді.
 
Зерттеу нәтижелерінің әлеуметтік қателігі ± 2%-дан аспайды.