«Мектепке жол» республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы

Медеу ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталған дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды.

Акцияның алғашқы шарасы ауданның болашақ бірінші сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Балаларға жаңа оқу жылына арналған жылы лебіздер айтылып, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерге тілектестік білдірілді.

Демеушілердің қолдауымен болашақ бірінші сынып оқушыларына мектеп формасын сатып алуға сертификаттар және оқу құралдары мен қажетті кеңсе тауарларымен толық жабдықталған мектеп сөмкелері табысталды.

«Мектепке жол» – балаларға қамқорлық пен қолдау көрсетіп, әрбір баланың жаңа оқу жылын қуанышпен бастауына мүмкіндік беретін игі дәстүр.

Медеу ауданында акция жалғасуда. Алдағы уақытта да әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына қажетті көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі.