Медеу ауданында Есентай өзенінің жағалауында ең ірі гүл саябағы ашылды

Медеу ауданында Есентай өзенінің жағалауында ең ірі гүл саябағы ашылды

Жалпы аумағы 19 мың шаршы метрден асатын аумақта мыңдаған көпжылдық өсімдіктер, сәндік бұталар мен ірі ағаштар отырғызылды. Жобаның басты ерекшелігі – көктемнен кеш күзге дейін үздіксіз гүлдеп тұратын гүл композициялары.

Абаттандыру аясында мыңдаған гортензия, раушан, сәндік бұталар мен көпжылдық гүлдер, сондай-ақ 500-ден астам ірі ағаш егілді. Серуендеуге арналған экологиялық жаяу жүргіншілер жолдары салынып, аумақ толықтай суды үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін заманауи тамшылатып суару жүйесімен жабдықталды.

Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың серуендеуі, тынығуы және отбасылық демалысы үшін қолайлы орынға айналып, Медеу ауданының жасыл келбетін одан әрі көркейте түсті.