Алматыдағы LED-экрандарда отырығызылған ағаштардың саны туралы видеороликтер көрсетілуде

Алматыдағы LED-экрандарда отырығызылған ағаштардың саны туралы видеороликтер көрсетілуде
Алматы Жасыл экономика басқармасы LED-экранда отырғызылған көшеттер саны жайлы бейне жазбаны қосты. Бейне жазбада әр аудан бойынша мағлұматтар мен қала бойынша отырғызылған жалпы көшеттер саны көрсетілген.
 
Ақпарат күн сайын өзгеруде, яғни тұрғындар күн сайынғы ақпаратты қадағалай алады. Бейне жазба әр 25 минут сайын көрсетіледі. Оларды қаланың басты көшелерінде орналасқан 52 медиабордтары арқылы көруге болады. Бейне жазбалар 2020 жылдың қараша айының соңына дейін көрсетіледі.
 
Бұл жай ғана көрсеткіштер көрсетілген бейне жазба емес екенін айтып өту керек. Егер мұқият қараса, бейне жазбамыздағы басты ойды көруге болады. Бастапқыда жарты ағаш бейнеленген ақпаратты көрсетеміз. Күн сайын жалпы сан мөлшері өсіп тұрады, ал онымен қоса, ағаш та өседі.
 
Алматы Жасыл экономика басқармасы жылдың соңына дейін 250 000 ағаш көшеттерін отырғызуды жоспарлап қойғанын еске саламыз. Бүгінгі күнге Алматыда 164 500 ағаш көшеттері отырғызылды.