2020 жылдың 27 қарашасы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді

2020 жылдың 27 қарашасы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді

Хабарландыру

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады
Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны
жоспарлау»
2020 жылдың 27 қарашасы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.
Күн тәртібіндегі басты мәселе колледждер мен жоғары оқу орындарының
студенттерін Қордың жұмысымен және еліміздің зейнетақы жүйесімен таныстыру
болады. Көпшілігі болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
салымшыларына айналады, бірақ қазірдің өзінде біз олардан көптеген сауалдар
күтеміз.
БЖЗҚ мамандары оларға Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері,
өздерінің зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы, жеке зейнетақы
шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы баяндап, зейнетақы
калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептейді. Қордың
салымшылармен өзара іс-қимыл арналары туралы және тағы басқа көптеген
ақпаратпен бөліседі.
Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірген әр адамның үйден шықпай-ақ, іс-
шара тақырыбы ғана емес, жалпы зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы
жинақтарына қатысты өзге де сауалдарға жауап алу мүмкіндігі болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 2020 жылдың 27-і
қарашасында үш сессияда өтеді.
Шараға қатысу үшін тіркелуден өту қажет. Қатысушылар төменде берілген
сілтеме арқылы өтіп, event-кездесудің нөмірі мен құпиясөзін енгізуі қажет.

Күні мен уақыты: 27 қараша 2020 ж. 
11.00 қазақ тілінде
12.00 орыс тілінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3427f7cb47cad4ecd77e1d5bfa331571
Еvent-кездесу нөмірі: 176 541 5974
Еvent-кездесу құпиясөзі: 271101

Күні мен уақыты: 27 қараша 2020 ж. 
14.00 қазақ тілінде
15.00 орыс тілінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:  
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec272d89dc582a5ffbf1ce1fe905cc407
Еvent-кездесу нөмірі: 176 128 7429
Еvent-кездесу құпиясөзі: 271102

Күні мен уақыты: 27 қараша 2020 ж. 
16.00 қазақ тілінде
17.00 орыс тілінде өтеді
Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=eef6f180ca0d30023b974a235166d1943
Еvent-кездесу нөмірі: 176 039 0077
Еvent-кездесу құпиясөзі: 271103

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушылар мен барлық қатысуға ниет
білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!

Байланыс жасайтын тұлға - Абуева Гулдана Нургалиевна, 7 708 106 7192