Алматыдағы велоинфрақұрылымының дамуы туралы

Алматыдағы велоинфрақұрылымының дамуы туралы
Мегаполистегі абаттандырылған велоинфрақұрылымының ұзындығы 82 шақырым.
 
Алматының қалалық мобилділік басқармасы хабарлағандай, қысқы маусымда велосипедшілердің қөауіпсіздігі үшін веложолақтардан блокираторлар — боллардтардан алынып тасталады. Бұл жолдарды қардан тазарту үшін қажет.
 
Байтұрсынов көшесі бойындағы ұзындығы 2,19 шақырым болатын учаске мен Қонаев көшесі бойындағы ұзындығы 2,2 км аумақ боллардтармен жабдықталған. Көктемде олар өз орындарына қайта қойылады.
 
Жалпы, бүгінгі күні Алматыда 82 шақырым велосипед инфрақұрылымы — веложолдар мен веложолақтар абаттандырылған. Атап айтқанда, Абай даңғылы бойындағы бөлінген жолдар (Достық даңғылынан Орталық стадионға дейін); «Атакент» көрме орталығы аумағындағы веложолдар; Тимирязев көшесі бойындағы (Байтұрсынов көшесінен Жароков көшесіне дейін);  Каблуков көшесі бойындағы (Өтепов көшесінен Торайғыров көшесіне дейін); Торайғыров көшесі бойындағы (Каблуков көшесінен Сайын көшесіне дейін); Сайын көшесіндегі (Торайғыров көшесінен Рысқұлбековтың оңтүстігіне қарай); Жібек жолы даңғылындағы (Уәлиханов көшесінен МжДП-не дейін);  Гоголь көшесіндегі (Пушкин көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін, Қалдаяқов көшесінен Қайырбеков көшесіне дейін) веложолдар.
 
Сонымен қатар, көліктің қозғалыс бөлігінен бөлінген веложолақтар да ретке келтірілді. Олар мына көшелердің бойларына орналасқан: Байтұрсынов көшесі (Мақатаев көшесінен Тимирязев көшесіне дейін); Қонаев көшесі (Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін); Мақатаев көшесі (Уәлиханов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін); Шевченко көшесі (Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін); Бұқтырма көшесі (Майлин көшесінен Құлжа трактіне дейін); Жароков көшесі (Тимирязева көшесінен Өтепов көшесіне дейін); Өтепову көшесі (Жароков көшесінен Каблуков көшесіне дейін); Уәлиханов көшесі (Райымбек даңғылынан Абай даңғылына дейін).
 
Қазіргі кезде веложолдар желісін одан әрі кеңейту үшін велосипед инфрақұрылымын дамытудың  тұжырымдамасы жасалуда.