Санитарлық ағаш кесу жұмыстары

Санитарлық ағаш кесу жұмыстары

Медеу ауданы аумағында ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Орта есеппен күніне 6 бригада жұмысқа шығады, жұмыс көлемі учаскелердің күрделілігі мен мекенжайларға байланысты өзгеріп отырады. Күніне аудан бойынша, шамамен, 120-170 ағаш санитарлық кесуден өтеді.

Жұмыстарға 5 самосвал, 1 КамАЗ және 4 автокөтергіш техникасы жұмылдырылған. Бір бригада кешенді түрде жұмыс жүргізген жағдайда орта есеппен 30 ағашты, ал тұрғындардың өтінімдері бойынша 10-15 ағашты санитарлық кесуден өткізеді.

Тұрғындар ағаштарды санитарлық кесу бойынша өтінімдерді «Е-өтініш» платформасы арқылы жолдай алады.