
Атап айтқанда, 32 су тасымалдаушы көлік (водовоз), 7 «Арлан» щеткалы тракторы, 6 «Пони» арнайы техникасы, 10 самосвал, 17 трактор-щетка, 6 автобус және 10 газель күнделікті жұмыстарға тартылған.
Аталған техникалар көшелерді сыпыру, жолдар мен тротуарларды жуу, қоғамдық орындарды тазалау және санитарлық күтіп-ұстау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Сонымен қатар, күндізгі тазалық жұмыстарына 335 жұмысшы, ал түнгі ауысымға 40 жұмысшы жұмылдырылған.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аудан аумағында тазалықты сақтау мен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.