Медеу ауданы әкімдігінің атынан Шаңырақ күні қарсаңында өнегелі отбасыларды құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды

Медеу ауданы әкімдігінің атынан Шаңырақ күні қарсаңында өнегелі отбасыларды құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды

Ұзақ жылдар бірге ғұмыр кешкен өнегелі отбасылар 

Медеу ауданы әкімдігінің атынан Шаңырақ күні қарсаңында өнегелі отбасыларды құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға 45 жылдан астам отасқан ерлі-зайыпты жұптар шақырылды.

Іс-шараға қатысқан отбасылар:
- Ақтаевтар отбасы – 69 жыл бірге өмір сүрген, бір-біріне деген сыйластық пен береке үлгісі.
- Шакиевтер отбасы – 58 жыл бірге, отбасының берік тірегі, ұрпаққа өнеге.
- Капишевтер отбасы – 47 жыл бірге, махаббат пен түсіністіктің символы.

Бұл шара жастарға отбасылық өмірдің маңызын көрсетуге, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпаққа отбасылық бірліктің үлгісін көрсетуге бағытталды.