
🔹Медеу ауданы әкімінің аппаратында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкеновтың қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Оның негізгі тақырыбы аудан аумағында қызмет атқарып отырған аудандық бөлімдер мен салалық қызметтердің жұмысы болды.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері өздерінің ағымдағы қызметі мен негізгі бағыттары жөнінде ақпарат ұсынды. Әлеуметтік сала, ішкі саясат, білім беру, спорт пен мәдениетті дамыту, сондай-ақ жастар және діни саясат мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Абзал Нүкенұлы Нүкенов мұндай кездесулер жергілікті жерлердегі жағдайды жан-жақты бағалауға, күшті тұстарды айқындауға және қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды белгілеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Талқылау қорытындысы бойынша салалық қызметтердің жұмысын жетілдіруге және Медеу ауданын одан әрі дамытуға бағытталған нақты шаралар әзірлеу жоспарлануда.
-------------------------------------------------
🔹 В аппарате акима Медеуского района состоялась рабочая встреча с участием заместителя акима города Алматы Абзала Нукеновича Нукенова. Основной темой обсуждения стала деятельность районных отделов и профильных служб, осуществляющих работу на территории района.
В ходе встречи представители государственных органов представили информацию о текущей деятельности и ключевых направлениях работы. Особое внимание было уделено вопросам социальной сферы, внутренней политики, развития образования, спорта и культуры, а также молодежной и религиозной политики.
Абзал Нукенович Нукенов отметил, что подобные встречи позволяют всесторонне оценить ситуацию на местах, определить сильные стороны и обозначить направления, требующие дополнительного внимания. По итогам обсуждения планируется выработка конкретных мер, направленных на совершенствование работы профильных служб и дальнейшее развитие Медеуского района.