
🔹 Кеңсай шағынауданында орталықтандырылған сумен жабдықтау жобасы аяқталды
Кеңсай шағынауданында жалпы ұзындығы 20 000 метрді құрайтын су құбыры және кәріз желілерін салу жобасы толық аяқталды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылды:
2023 жылы - «Кенсай-1» жобасы,
2025 жылы - «Кенсай-2» жобасы аяқталды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде шағынаудандағы 1 900 тұрғын орталықтандырылған ауызсу және кәріз жүйесімен қамтамасыз етілді. Жұмыстар аясында көлемі 100 текше метрлік су мұнарасы, сондай-ақ сорғы жабдықтары орнатылған блокты-модульді ғимараттар салынды.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері негізінде үш мекенжай бойынша су тарату колонкалары орнатылды.
Қазіргі таңда барлық жұмыстар 100 % көлемде аяқталып, нысан толық пайдалануға берілді.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DUC-iCJDF1m/?igsh=dTNvdmpqZnlvbzd4
————————
🔹 В микрорайоне Кенсай завершён проект по обеспечению централизованного водоснабжения
В микрорайоне Кенсай полностью завершён проект по строительству водопроводных и канализационных сетей общей протяжённостью 20 000 метров. Реализация проекта осуществлялась поэтапно:
в 2023 году завершён проект «Кенсай-1»,
в 2025 году - проект «Кенсай-2».
В результате реализации проекта 1 900 жителей микрорайона обеспечены централизованным питьевым водоснабжением и системой канализации. В рамках работ установлена водонапорная башня объёмом 100 кубических метров, а также построены блочно-модульные здания с насосным оборудованием.
Кроме того, по обращениям местных жителей по трём адресам установлены водоразборные колонки.
На сегодняшний день все работы выполнены на 100 %, объект полностью введён в эксплуатацию.
Подробнее: https://www.instagram.com/reel/DUC-iCJDF1m/?igsh=dTNvdmpqZnlvbzd4