
🔹 Бүгін «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» салтанатты ашылуы өтті.
Медеу ауданында үкіметтік емес ұйымдар арқылы іске асырылып жатқан екі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Олар келесі мекенжайларда орналасқан:
– Жангелдин көшесі, 31/2;
– Болашақ көшесі, 12.
Медеу ауданының аумағы тау бөктері мен таулы аймақтарды қамтиды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары ауданның қарт тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие әрі кеңінен танымал.
Алғашқы орталық ауданның орталық бөлігінде тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. Оларға Каменское плато, Терренкур, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы маңы және Жангелдин көшесі аумағы кіреді.
Екінші орталық Алатау, Думан, Атырау шағын аудандарында, сондай-ақ Орталық мәдениет және демалыс саябағы (ЦПКиО), Көктөбе және Кенсай аумақтарында тұратын зейнеткерлерге қызмет көрсетеді.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында келесі қызмет түрлері ұсынылады:
– әлеуметтік-тұрмыстық;
– әлеуметтік-медициналық;
– әлеуметтік-психологиялық;
– әлеуметтік-құқықтық;
– әлеуметтік-мәдени;
– әлеуметтік-еңбек;
– әлеуметтік-педагогикалық;
– әлеуметтік-экономикалық.
Сонымен қатар, қарт адамдарға арналған қызмет көрсетудің негізгі бағыттары бойынша білім беру, кеңес беру, бос уақытты ұйымдастыру және сауықтыруға бағытталған жеке бағдарламалар пакеттері әзірленіп, жүзеге асырылуда.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DUQRqxXjMAB/?igsh=ZjVyNmtzaHh6b3A5
_____
🔹 Сегодня состоялось открытие Центра активного долголетия «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы».
В Медеуском районе функционируют два Центра активного долголетия, реализуемые неправительственными организациями, расположенные по следующим адресам:
– ул. Жангельдина, д. 31/2;
– ул. Болашак, д. 12.
Территория Медеуского района охватывает как предгорные, так и горные зоны. Центры активного долголетия пользуются высокой популярностью и устойчивым спросом среди пожилого населения района.
Первый Центр обслуживает пенсионеров, проживающих в центральной части района: Каменское плато, Терренкур, район Парка 28 гвардейцев-панфиловцев, а также по ул. Жангельдина.
Второй Центр обслуживает пенсионеров, проживающих в микрорайонах Алатау, Думан, Атырау, а также в районах ЦПКиО, Кок-Тобе и Кенсай.
В Центрах активного долголетия предоставляются следующие виды услуг:
– социально-бытовые;
– социально-медицинские;
– социально-психологические;
– социально-правовые;
– социально-культурные;
– социально-трудовые;
– социально-педагогические;
– социально-экономические.
Кроме того, разработаны и реализуются отдельные пакеты образовательных, консультационных, досуговых и оздоровительных программ по основным направлениям оказания услуг для пожилых людей.
Подробнее: https://www.instagram.com/reel/DUQRqxXjMAB/?igsh=ZjVyNmtzaHh6b3A5