
🔹 Бүгін бастауыш сынып оқушыларына арналған әлеуметтік клубтың салтанатты ашылуы өтті. Клуб Алматы қаласының Медеу ауданында келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
– «Думан» шағын ауданы, Кіші Бригадная көшесі, 54-үй — күніне 60 балаға дейін қамтылады;
– «Алатау» шағын ауданы, Жетбаев көшесі, 2 — күніне 60 балаға дейін қамтылады.
Күн сайын зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан құралған білікті педагогтер бастауыш мектептің негізгі жалпы білім беретін пәндері бойынша авторлық сабақтар өткізеді. Атап айтқанда: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және IT-технологиялар.
Сонымен қатар, қосымша білім беру аясында балалар үшін шығармашылық және спорттық бағыттағы сабақтар ұйымдастырылған. Олар: домбыра, хореография, музыка, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, көркем-қолданбалы өнер, үй шаруашылығы негіздері және дене шынықтыру.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DUQR5QiDIVJ/?igsh=dW0zdTFtbzJqNWpx
_____
🔹 Сегодня состоялось открытие социального клуба для учащихся начальных классов. Клуб будет функционировать в Медеуском районе города Алматы по следующим адресам:
мкр. «Думан», ул. Малая Бригадная, дом 54 — охват до 60 детей в день;
мкр. «Алатау», ул. Жетбаева, 2 — охват до 60 детей в день.
Ежедневно профессиональные педагоги из числа пенсионеров и людей с ограниченными возможностями проводят авторские занятия по основным общеобразовательным дисциплинам начальной школы: математике, казахскому, русскому и английскому языкам, а также IT-технологиям.
Кроме того, для детей организованы творческие и спортивные занятия в рамках дополнительного образования: домбра, хореография, музыка, шахматы, шашки, тогызкумалак, художественно-прикладное искусство, домоводство и физическая культура.
Подробнее: https://www.instagram.com/reel/DUQR5QiDIVJ/?igsh=dW0zdTFtbzJqNWpx